Әнші Сырым Исабаев көпшілікке белгілі әріптесі Қайрат Нұртаспен арадағы қарым-қатынасы туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Jibek Joly телеарнасының "Бүгін.Live" бағдарламасында айтып өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Сырым Исабаевтың айтуынша, олар бұрынғыдай етене жақын араласпаса да, арадағы сыйластық сақталған.
"Етене араласамыз деп айта алмаймын. Бірақ арамыз жаман емес. Соңғы уақытта осы тақырыпта бірнеше сұхбат бердім. Кейде жауап бергенде, айтқан сөзім ол кісілерге қалай әсер етіп жатыр екен деп іштей ойланамын. Жалпы әріптестерім туралы жақсы пікір айтуға тырысамын, кемшілігін жария етпеуді жөн көремін. Біреу жайлы артық немесе қате пікір айтып қойсам, ренжіп қалар ма деп те алаңдайсың", – деді ол.
Сондай-ақ әнші олардың дуэтінің не себепті тарағанына да тоқталды. Оның сөзінше, шығармашылық тұрғыда жаңа дүние азайып, бұрынғы әндерді ғана орындау деңгейінде қалған соң, дуэт өздігінен тоқтаған.