Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Рейсті тоқтатамын деп сес көрсетті“: полиция ұшақтағы балалар төбелесіне қызығушылық танытты

“Рейсті тоқтатамын деп сес көрсетті“: полиция ұшақтағы балалар төбелесіне қызығушылық танытты
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әуеакомпания ұшағының бортында балалар арасында болған төбелес полицияның назарына ілікті. Әлеуметтік желілерде әуе кемесінің командирі салондағы жас жолаушыларға жеке өзі ескерту жасап жатқан видео тарады. Көліктегі полиция департаменті оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды kznews.kz.

Оқиға видеосын рейс жолаушысы әлеуметтік желілерде жариялады.

Ролик авторының айтуынша, ұшу кезінде балалар арасында төбелес болған. Сондай-ақ ол бұған дейін борттағы қыздардың біріне медициналық көмек қажет болғанын алға тартады.

Жарияланған кадрлардан видео авторы әуе кемесінің командирі деп атаған ер адамның салонға шыққанын көруге болады.

"Мені тыңдаңдар. Мен осы ұшақтың командирімін. Тағы бір артық әрекет жасасаңдар, рейсті тоқтатамын, үйлеріңе көлікпен қайтасыңдар. Түсіндіңдер ме? Сендердің кесірлеріңнен рейс кешігіп жатыр", - дейді ол роликте.

Жолаушының айтуынша, оқиғадан кейін ұшақ шамамен екі сағаттық кешігумен ұшып кеткен.

Біз пікір алу үшін Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Ондағылар видео жарияланғаннан кейін тексеру басталғанын растады.

"TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған Scat әуеакомпаниясының әуе кемесі бортында қоғамдық тәртіптің бұзылуы туралы бейнематериал бойынша Көліктегі ПД тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп атап өтті ведомство.

Полиция өкілдері тексеру аяқталғаннан кейін оқиғаға қатысушылардың барлығының іс-әрекетіне заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетінін қосып өтті.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.