Қазақстанның 15 наурызда өтетін референдумға қаржыны қайдан алатыны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Сенат отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қанша қаражат бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша, әзірге Қаржы министрлігіне бұл мақсатқа қаражат бөлу туралы ресми сұраныс түспеген.
“Ақшаның көлемі бүгін түстен кейін немесе ертең белгілі болады. Өйткені, біздің Қаржы министрлігіне бюджеттік сұрау әлі түскен жоқ. Біз Орталық сайлау комиссиясымен байланысқа шықтық. Олар тиісті сұранысты жолдайды. Референдумға қажетті қаражат мемлекеттік резервтен алынады. Содан кейін белгілі болады”, – деді вице-министр.
Сондай-ақ Қаржы вице-министрі референдумға бөлінетін қаржы үкіметтің резервінен бөлінетінін айтты.