Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Референдумға арналған қаржы қайдан бөлінетіні айтылды

Референдумға арналған қаржы қайдан бөлінетіні айтылды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның 15 наурызда өтетін референдумға қаржыны қайдан алатыны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сенат отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қанша қаражат бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, әзірге Қаржы министрлігіне бұл мақсатқа қаражат бөлу туралы ресми сұраныс түспеген. 

“Ақшаның көлемі бүгін түстен кейін немесе ертең белгілі болады. Өйткені, біздің Қаржы министрлігіне бюджеттік сұрау әлі түскен жоқ.  Біз Орталық сайлау комиссиясымен байланысқа шықтық. Олар тиісті сұранысты жолдайды. Референдумға қажетті қаражат мемлекеттік резервтен алынады. Содан кейін белгілі болады”, – деді вице-министр.

Сондай-ақ Қаржы вице-министрі референдумға бөлінетін қаржы үкіметтің резервінен бөлінетінін айтты. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.