Пайда - 133,6 млрд, шығын - 5,1 млрд: "Қазпоштаның" хәлі мүшкіл ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Референдум кезінде сотқа екі талап арыз түскен

Референдум кезінде сотқа екі талап арыз түскен
Фото: ашық дереккөз

Республикалық референдум өткен күні Қазақстанда сотқа екі талап арыз түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Орталық референдум комиссиясының дерегінше, арыздардың бірі Ақтөбеде зағип жандарға арналған бюллетеньдегі брайль қарпінің оқылмауына, екіншісі Астанада бақылаушының учаскеден шығарылуына қатысты болған. Екі іс те сотта қаралып, талап арыздар қайтарылған.

Референдум күні ел бойынша 47 мыңнан астам бақылаушы жұмыс істеген, олардың тек алтауы ғана учаскеден шығарылған. Соның бірі сотқа жүгінгенімен, сот бұл шешімді заңды деп таныды.

Жалпы азаматтардан 35 түрлі сұрақ түсіп, көбіне дауыс беру тәртібі мен заң талаптарына қатысты өтініштер Астана мен Алматыда тіркелген. Референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістер қабылданды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.