Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Реанимацияда жатыр»: Атырау тұрғыны 30 мың теңге қарызын сұраған адамды өлімші етіп сабаған

«Реанимацияда жатыр»: Атырау тұрғыны 30 мың теңге қарызын сұраған адамды өлімші етіп сабаған
Фото: istockphoto.com

Зардап шеккен Руслан Жолмағанбетовтың жұбайы Анаргүл Мұғзарованың айтуынша, шабуыл жасаған — күйеуінің бұрын бірге жұмыс істеген танысы. Ол Русланға 30 мың теңге қарыз болған.

«Күйеуім оны үйдің маңынан көріп қалып, қарызын қайтаруын сұраған. Сол сәтте әлгі адам Русланға жұдырық ала жүгіріп, соққы жасады», — дейді Анаргүл.

Ауыр соққы салдарынан ер адамның өңеші зақымданып, медиастинит (кеуде қуысындағы қабыну) дамыған. Қазір ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, дәрігерлер бақылауында жатыр.

Анаргүлдің айтуынша, бұл жағдай балалардың көз алдында болған. Қызына тырыспа ұстап, ұлы қатты шошынып қалған — оның жүрегінде ақауы бар.

Полиция бұл дерек бойынша 18 маусым күні қылмыстық іс қозғаған. Күдікті — 1985 жылы туған азамат — ұсталып, сараптама тағайындалды. Соңғы шешім оның нәтижесіне байланысты қабылданады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.