KZNews.kz
Спорт

“Реал-мен ойынға қатыспайды” - Темірлан Анарбековтің қандай ауыр жарақат алғаны белгілі болды

Айжан Сыланова
Фото: Getty Images

Клубтың медиа-офицері Арман Жақсығұловтың айтуынша, футболшыға «төменгі жақ сүйегінің сынуы» деген алдын ала диагноз қойылған. 

«Өкінішке қарай, ол жақын ойындарға қатыса алмайды. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі», – деді ол.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте өткен Премьер-лиганың 23-турында «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесуінде Анарбеков 13-минутта жарақат алған еді. Соған қарамастан алматылық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын Дастан Сәтпаев соқты.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →