Бүгін Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасының екінші турында алматылық «Қайратпен» кездеседі. Алайда испандық БАҚ мәліметінше, команда жұлдызы Килиан Мбаппе алаңға бастапқы құрамнан шықпай қалуы ықтимал.
Defensa Central дерегіне сәйкес, соңғы уақытта «Реалдың» шабуылы Мбаппеге қатты тәуелді болып барады. Маусым басынан бері француз шабуылшысы 10 гол соқса, қалған ойыншылар нәтижелілігімен ерекшеленген жоқ. Винисиус Жуниор, Арда Гюлер, Франко Мастантуньо және Эдер Милитао ғана бір-бір рет көзге түсті. Родриго, Браим Диас, Феде Вальверде мен Орельен Тчуамени әлі де бабына келе алмай жүр.
«Атлетикодан» 2:5 есебімен ұтылғаннан кейін команданың ішкі жағдайына қатысты сын күшейді. Осы ретте бас бапкер Мбаппеге демалыс беріп, оған сенім артып келген шабуылдағы жауапкершілікті бүкіл командаға бөлуді жоспарлап отырғаны айтылуда.
Егер ақпарат расталса, «Қайратпен» ойында мадридтік клубтың қалған ойыншылары өз мүмкіндігін дәлелдеуі тиіс болады.
Айта кетейік, «Қайрат» топтық кезеңді сырт алаңдағы «Спортингке» қарсы 1:4 есебімен жеңілістен бастаса, «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен ұтқан.