KZNEWS.KZ
Қоғам

“Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар қақтығысып қалды

• Айгерім Асылова

Ла Лиганың 10-турындағы тартысты “Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар сөзге келіспей қақтығысып қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Матчта "Реал" "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді. Алайда ойыннан кейін алаңда жанжал шықты.

Жанжал “Реал” капитаны Карвахальдың ишарасынан басталған. Ол матчқа дейін көп сөйлеген Ямальға “үндеме” деген белгі көрсеткен. Бірақ Ламин бұл сөзге ашуланып, 33 жастағы қарсыласына жауап қайтара бастаған.

Кейін олардың дауына өзге де футболшылар араласып, олар да өзара келіспей қалған.

“Реал” өз жеңістерін жанжал шығарғандарды алып кеткеннен кейін барып сабырмен атап өтті.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →