Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Реал” футболшыларының Алматыға қашан келетіні белгілі болды

“Реал” футболшыларының Алматыға қашан келетіні белгілі болды
Коллаж Ulysmedia

«Дядя Ваня» Telegram-арнасының мәліметінше, испандық клуб Мадридтен түстен кейін жолға шығады. Ұшақ Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан сағат 13:30-да (Қазақстан уақытымен 16:30) ұшады. Шамамен 8 сағат 20 минут әуеде болып, Алматыға 00:50-де қонбақ.

Бұл кездесуді қазақстандық жанкүйерлер ерекше күтуде. Себебі әлемдік футболдың алыптарының бірі саналатын «Реалдың» елге келуі – тарихи сәт. Алматы әуежайында футболшыларды қарсы алуға жүздеген жанкүйер жиналатыны күтіліп отыр.

Әлеуметтік желілерде де қызу талқылау жүріп жатыр. Біреулері «Қайрат» үшін бұл — үлкен тәжірибе мектебі»десе, екіншілері «Мадридті жеңу мүмкін болмаса да, намысты қолдан бермеу керек» деп жазуда. Ал кей жанкүйерлер «Қайрат» күтпеген сенсация жасай алады деген пікірде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.