Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

РБК отырысы: Қандай жобаларға ақша бөлінеді?

РБК отырысы: Қандай жобаларға ақша бөлінеді?
Фото: Үкімет

Үкімет басшысы Олжас Бектенов қазына қаржысының қайда жұмсалатынын пысықтау үшін Республикалық бюджет комиссиясының мүшелерін жинады. Отырыс барысында табиғатты қорғауға және ел қауіпсіздігіне қатысты маңызды бастамаларға ақша бөлу мәселесі оң шешімін тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

РБК отырысының қорытындысы бойынша орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылды.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан