Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Равиль Сәкиевтің анасы сот залында балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды

Равиль Сәкиевтің анасы сот залында балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды
фото: Жоғарғы Сот

Жетісу облысында атышулы Шерзат ісіне байланысты өткен сот отырысынан кейін Равиль Сәкиевтің анасы балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz порталына сілтеп.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сот шешімі жарияланғаннан кейін үкіммен келіспеген айыпталушылардың туыстары қоғамдық тәртіпті бұзуға әрекеттенген. Солардың бірі — әйел адам балағат сөз айтып, агрессия танытқан. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, полиция тарапынан шара қолданылды.

— Полиция сот отырысы өткен зал мен оның маңында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Құқық үстемдігіне ешқандай қысымға жол берілмейді, — деп мәлімдеді департамент.

20 жылға сотталған Равиль Сәкиевтің анасы сот залынан шығып бара жатып боқауыз сөз айтқан.

Бүгін Шерзат ісі бойынша сот үкімі жарияланған болатын.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан