"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Раушан Құдайберген төркінге оралды: Туғандарының оны қарсы алуы желіні шулатты (ВИДЕО)

Раушан Құдайберген төркінге оралды: Туғандарының оны қарсы алуы желіні шулатты (ВИДЕО)

Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатуынан кейін алғаш рет төркін жұртына қонаққа барды. Бұл сәтті ол өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктің жылы ықыласына бөленді деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Бейнежазбада Раушанды ата-анасы мен туыстары қарсы алып, дастархан жайып, қуанышпен құшақ жая қарсы алғаны көрінеді. Көпшілік желіде «Қыздың төркінге оралуы – әр ананың арманы», «Жаңа өмір бастаса да, ата-анасын ұмытпағаны қуантады» деген пікірлер қалдырды.Ең әсерлі сәттердің бірі Раушанға арналып орындалған «Раушан гүлім» әні болды. Туыстарының бұл тосын сыйы көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Раушан Құдайберген жақында ғана ұзатылып, тұрмысқа шыққан болатын. Оның тойы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, ел назарын аударған еді.

Қазір желі қолданушылары блогердің жаңа өміріне қатысты жаңалықтарды қызығушылықпен бақылап отыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.