НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар — Sputnik. Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров өңір басшысы қызметіне уақытша үкімет төрағасы Муслим Хучиевті тағайындады. Ол өзінің уақытша "еңбекке жарамсыз" екенін айтты.
Тиісті жарлық Шешенстан басшысы мен үкіметінің сайтында жаряиланған.
"Шешенстан конституциясының 76-бабына сәйкес, менің уақытша "еңбекке жарамсыздығыма" байланысты Республика басшысының міндетін 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап республика үкіметінің төрағасы Хучиев Муслим атқарады", - деп жазыоған құжатта.