Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рамазанға орай футбол турниріне өзгерістер енгізіледі

Рамазанға орай футбол турниріне өзгерістер енгізіледі

Астана. 28 қаңтар. KAZISLAM – Египетте 15 маусымға жоспарланған Африкалық ұлттардың футбол кубогі бірнеше күнге кейін шегерілді. Бұл мұсылман халқының қасиетті Рамазан айына байланысты шығарылған шешім, деп жазады AFP.

Осылайша Африканың футбол конфередациясы (CAF) аймақтағы мұсылман мемлекеттерінің футбол федерацияларымен кездесу өткізді. Олар спортшылар 5 мамыр — 3 маусым аралығында оразасын ұстап, қалыпқа келіп алуына уақыт беруін сұрады.

Көпке мәлім, қасиетті Рамазан айында әлем мұсылмандары ішіп-жеуден тыйылып, ораза ұстайды. Енді турнирге енгізілген өзгерістерге сәйкес Футбол кубогы 21 маусымда басталатын болды, ал салтанатты жабылуы 19 шілде күні өтеді.

Айта кету керек, 2017 жылға дейін Африкалық ұлттар кубогы қаңтар айында өткізіліп келген. Кейіннен қатысушы командалардың көбеюіне байланысты кубок жазғы маусымға жылжыды.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Жандос