KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Рамазан Амантайдың денсаулығына байланысты жағымсыз жаңалықтар белгілі болды

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Танымал актер әрі ақын Рамазан Амантай блогер Zheka Fatbelly-мен бірге денсаулығын тексертіп, арықтауға кірісті. Бұл туралы блогер Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жека дәрігерлер тексеру барысында Рамазанның қан көрсеткіштеріне қатысты мәселелерді анықтағанын айтты. Оның сөзінше, актерге қан қоюлығына байланысты 200–300 миллилитр қан алдыру қажеттігі айтылған. Сонымен қатар дәрігерлер қандағы қант деңгейіне қатысты бастапқы белгілерді байқап, ағзасында кейбір дәрумендердің жетіспейтінін жеткізген.

«Бастамасы кетті! Енді алда тек еңбек!» – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары актердің бұл қадамын қолдап, денсаулығын жақсарту жолындағы бастамасына сәттілік тіледі.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →