ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рахымжан Рузыев | өмірбаяны

Рахымжан Рузыев |  өмірбаяны

Рахымжан Рузыев 1935 жылы 9 маусымда Шығыс Түркістанның Құлжа қаласына жақын «Үш он» ауылында туып, Тоғыз тарау ауданында өскен. 1957 жылы Шыңжаң институтының суретшілер факультетін бітірген. 1957–1960 жж. «Шыңжаң халықтық баспасында» әдеби қызметкер болған.

 1960 жылдың желтоқсан айында Қазақстанға көшіп келген. Алматы қаласында әр түрлі мекемелерде жұмыс атқарған. 1968 жылдан бері Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеген.

 «Жазушы» баспасынан бірнеше жыр кітабы жарық көрген. Ақынның көптеген өлеңдері орыс, қазақ, өзбек және қырғыз тілдеріне аударылған.
Шығармалары: Жалынды сөз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Алтын аймақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Отты тасқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Мың үй. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Сырлы толқындар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985.

Автор
Бауыржан