Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рахат Әлиев ісі: Президент күзетінің экс-қызметкері сырттай қамауға алынды

Рахат Әлиев ісі: Президент күзетінің экс-қызметкері сырттай қамауға алынды

Алматы қалалық соты Рахат Әлиев ісі бойынша фигуранттардың бірі сырттай қамауға алу туралы үкім шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NDTV.com

Сот санкциясымен Қазақстан президенті күзетінің бұрынғы қызметкері Вадим Кошляк сырттай қамауға алынған.

Оны сырттай қамау уақыты- екі ай.

Сот мәліметі бойынша, Әлиевтің сыбайласының қазір қайда екені белгісіз.

Қазан айының басында Кошлякқа іздеу жарияланған еді. Ол бопсалаумен айналысқаны үшін айыпталған болатын.

Айта кетейік, тергеу мәліметтері бойынша, 2007 жылы Рахат Әлиев Вадим Кошлякпен және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаевпен бірге банкирлерді өлтірген.

Ал 2008 жылы Қазақстанда ол ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылған.

Жеті жылдан кейін яғни, 2015 жылдың ақпан айында Әлиев австриялық түрмеде асылған күйенде табылған еді.

Автор
Бауыржан