Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рабиндранат Тагор | өмірбаяны

Рабиндранат Тагор |  өмірбаяны

Рабиндранат Тагор (баңлаша রবীন্দ্রনাথ ঠাকুর, ағылш. Rabindranath Tagore, 7 мамыр 1861 — 7 тамыз 1941, Калькутта, Британдық Үндістан) — үндінің ұлы ақыны мен жазушысы, сазгер әрі суретші, қоғам қайраткері. Азия жазушыларының арасындағы алғаш Нобель сыйлығының иегері. Нобель комитеті белгілегендей, Тагордың ерекше рухани шығармалары мен жеке дара харизмасы оның Батыс қоғамы көзқарасындағы әулие бейнесін қалыптастырған.Тагор өлең жазуды 8 жасында бастаған. 16 жасында ол өзінің алғашқы новеллалары мен драмаларын жазады, ақындық туындыларын Күн Арыстаны (баңлаша Bhanushingho) бүркеншік атымен басып шығарады.Тагордың мұрасын елуден астам дастандар мен өлеңдер жинағы («Гитанджали», «Го́ра», «Үй мен әлем»), романдар мен драмалар, жүзге жуық әңгімелер, көсемсөз, пьесалар, философия саласындағы жұмыстары, мектеп оқулықтары, аудармалар құрайды. Оның қаламұшы астынан «Халық рухы» атты Үндістанның және «Менің алтын Бенгалиям» атты Бангладештің ұлттық әнұрандары шыққан. Сонымен қатар, 67 жастан бастап ол суретшілік, кескіншілік өнермен айналыса бастаған.Сондай-ақ, Тагор Вишва Бхарати университетінің және Ауыл шаруашылығын қайта құру институтының ұйымдастырушысы болған. Адамгершілік пен туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін бойына сіңген Тагор өмір бойы Үндістан тәуелсіздігінің жақтаушысы болған

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары