"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызын әйелдерше киініп күлдірген әке жұртты сүйсіндірді (видео)

Қызын әйелдерше киініп күлдірген әке жұртты сүйсіндірді (видео)

Қытайда қызының көңіл күйін көтеріп, күлдіру үшін әйелдерше киініп алған ер адамның әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі.

Цзиньхуа тұрғыны үйіне оралған сәтте ерекше көріністің куәсі болады. Әйел қызын ерекше жақсы көретін күйеуі көйлек киіп алып, қызымен билеп жүрген сәтіне дөп түcкен екен.

Әйелі жұмысынан оралғанға дейін қызына бас-көз болып жүрген әкесі, осылайша оның көңілін көтермек болыпты. Бұл жайтты дереу ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп алған әйел видеоны желіге жария етеді.

Видеомен People's Daily, China атты YouTube парақшасы да бөлісіп, ерекше қамқор әке желі жұлдызына айналды. Желі қолданушылары кішкентай қызын еркелете білген ер адамға мақтауларын жаудыруда.

Автор
Данияр