KZNews.kz
Қоғам

«Қызымды детдомға апарып тастаңызшы»: Желіде тараған видео жұртты жылатты

Айжан Сыланова
Коллаж: sn.kz

Саябақта серуендеп жүрген кішкентай қыз демалып отырған бір келіншектен қолындағы қағазда не жазылғанын оқып беруін өтінген.

Қағазда: «Қызымды балалар үйіне апарып тастаңызшы» деген сөздер жазылған екен.

Мұндай ауыр жазбаны оқыған келіншек көз жасына ерік беріп, қызды қолынан ұстап, оны жанында жүрген өз балаларына таныстырады.

Алайда кейін белгілі болғандай, бұл – адамдардың жанашырлығы мен мейірімін тексеруге бағытталған әлеуметтік эксперимент болып шықты.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →