KZNews.kz
Жаңалықтар

"Қызым дүниеге келді": Ақан Сатаевтың екінші әйелі босанды

Қайсар Қанат
SN.kz коллажы

Танымал режиссер Ақан Сатаев екінші жары Альмира Тұрсыннан қызды болды. Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.

Сүйінші хабарды режиссер өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

«Алла Тағаланың қалауымен, қызым дүниеге келді. Айя-Сафия, қош келдің, бақытты бол!» – деп жазды Ақан Сатаев.

Сондай-ақ режиссердің жары Альмира Тұрсын да қуанышты сәтімен бөлісіп, перзентханадан түсірілген суреттерін жүктеген.

«Менің арманым, менің дұғам, Жаратқанның сыйы. Аллаға сансыз шүкір», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Ақан Сатаев бұған дейін бес баланың әкесі атанған. Жаңа туған сәбимен бірге ол алтыншы рет әке атанып отыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары