Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордадағы мектеп әжетханасында оқушылар арасында төбелес болды

Қызылордадағы мектеп әжетханасында оқушылар арасында  төбелес болды

Жәбірленуші түрлі жарақат алып, оның жақ сүйегі мен мұрны сынған, сондай-ақ миы шайқалған. Ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер ота жасап, жақ сүйегін металл пластиналармен бекітті.

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің өз қатарласын мектеп әжетханасында соққыға жығып жатқаны бейнеленген видео тарағаннан кейін оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, бір топ адамның қатысуымен болған бұзақылық дерегі бойынша барлық күдікті жасөспірім ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ кінәлі жасөспірімдердің ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады», – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Полиция бұл дерек бойынша істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберген. Комиссия осындай жағдайлардың алдын алу және себептерін жою мақсатында қосымша шаралар қабылдайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.