KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қызылордада коронавирусқа шалдыққан әйелдің босанған сәбиі ауруға шалдықпаған - Қазақстан жаңалықтары

• Әлихан

Қызылордада коронавирусқа шалдыққан әйел босанған нәрестенің сау екендігі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», - деді басқарма басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанғаны жайлы айтылған еді.

"Жаңа туған нәресте кювезге салынған: салмағы 2970 грамм, бойы 51 сантиметр. Баланың жағдайы қанағаттанарлық", -деді дәрігерлер. 


 


stan.kz
Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →