KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қызылорда облысында екі балықшы суға батып кетті - Қазақстан жаңалықтары

Еркебұлан

Қызылорда облысында Арал теңізінде балық ауламақшы болған екі азамат суға батты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетіне мәлім етті.

"30 наурыз сағат 13:00-де Қызылорда облыстық ТЖД кезекші пультіне 29 наурызда Кіші Арал теңізіне моторлы қайықпен балық аулауға кеткен екі балықшының жоғалып кеткені туралы хабар түсті.  Іздеу жұмыстарына шұғыл түрде ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жергілікті тұрғындар тартылды. Екі сағаттан кейін құтқару тобы 1974 және 1998 жылғы екі балықшының денесін судан алып шықты", - делінген ресми хабарламада.

Азаматтық қорғаныс органдарының құтқару жасақтары көктем кезінде су айдындарында адамдардың қаза табуына жол бермеу мақсатында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын, профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр.


stan.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →