АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында бір отбасының сегіз мүшесі коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сегіз адам 6-45 жас аралығындағы бір үйдің мүшелері. Оның ішінде үш адам он төрт жасқа дейінгі бала", - деді Әбдусәметов.