Өзіміздің өндіріс шикізат шынжырын үзе ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Тұрсын Алагөзовке қатысты қуанышты жаңалық мәлім болды

Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Тұрсын Алагөзовке қатысты қуанышты жаңалық мәлім болды

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Forbes журналы жариялаған 2026 жылғы ең дәулетті қазақстандықтар рейтингінде 58-орынға көтерілді.

Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта кәсіпкердің байлығы 160 миллион долларға бағаланып отыр. Былтыр оның дәулеті 130 миллион доллар көлемінде есептеліп, рейтингтің 61-сатысына орналасқан еді.

Осылайша бір жылдың ішінде Алагөзовтің капиталы шамамен 30 миллион долларға артып, ол тізімде үш орынға жоғарылаған. Дегенмен Forbes кәсіпкердің дәулетінің өсуіне қандай факторлар әсер еткенін нақтыламаған.

Тұрсынғали Алагөзов – Қазақстан мен Орталық Азиядағы алкогольсіз сусын өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі саналатын GALANZ Bottlers компаниясының иесі және директорлар кеңесінің төрағасы.

2024 жылы кәсіпкер Шымкент сыра зауытын сатып алған болатын. Ашық дереккөздерде оның кәсіпорынды дамытуға шамамен 40 миллион доллар инвестиция салғаны көрсетілген.

Сондай-ақ кәсіпкер 2026 жылы зауыттың өндірістік қуатын айына 10 мың тонна өнімге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғаны айтылған.

Тұрсынғали Алагөзов бұған дейін ұзақ жыл еңбек еткен қызметкерлеріне пәтер сыйлап, қоғамның оң бағасына ие болған еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер