Қызылорда облысының Арал қаласында қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне қатысты әлеуметтік желіде күтпеген ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Басылым редакциясына аты-жөнін жариялағысы келмеген оқырман хабарласып, полицейдің өліміне қызғаныш себеп болуы мүмкін екенін айтқан.
Оқырманның мәліметінше, 1988 жылы туған полиция қызметкері Шижаға ауылында тұратын отбасылы әйелмен жақын қарым-қатынаста болған. Оның сөзінше, марқұм еңбек демалысы кезінде аталған әйелдің үйіне барып жүрген.
Бұл жағдайды әйелдің күйеуі біліп қойып, жанжал шығарған. Анонимді оқырманның болжамынша, ер адам полицейді пышақтап өлтірген.
Дегенмен бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қызылорда облысының полиция департаменті оқиға кезінде тұрмыстық жанжал болғанын растағанымен, қылмыстың нақты мән-жайы мен өлім себебі бойынша толық ақпарат жариялаған жоқ.
Айта кетейік, марқұм полиция қызметкерінің мәйіті үйдің ауласындағы гараждан табылған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.