Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызғаныштан қылмыс жасады: Астаналық әйел ұйықтап жатқан жұбайының әуретті жерін кесіп тастаған

Қызғаныштан қылмыс жасады: Астаналық әйел ұйықтап жатқан жұбайының әуретті жерін кесіп тастаған
Фото: Бейнежазбадан кескін

Астанада 32 жастағы үш баланың анасы қызғаныштан ұйықтап жатқан жігітіне ауыр жарақат салып, ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оқиға жайлы уролог Жалғас Игембай әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Дәрігердің айтуынша, 34 жастағы ер адам ес-түссіз күйде ауыр халде ауруханаға түскен. Әйелдің сөзіне қарағанда, жедел жәрдемді өзі шақырған.

Кейінірек әйел жігітінің опасыздық жасағанын біліп қалып, оған ұйықтататын дәрі бергені анықталған. Ер адам ес-түссіз жатқан кезде әйел сүйіктісіне пышақпен зақым келтірген. Науқас ауруханаға тым кеш жеткізілгендіктен, ағзаны қайта қалпына келтіру мүмкін болмағаны айтылды.

“Өмірін аман алып қала алды, ал еркектің болашағын – жоқ. Бұл сериал емес, шын оқиға. Тек баяғыда болған”, – деп жазды Жалғас Игембай.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер