KZNews.kz
Жаңалықтар

«Қызға қырық үйден тыйым»: Қайрат Нұртастың қызының биі дауға айналды

Дархан Тоқан
Коллаж: sn.kz

Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртастың ортаншы қызы Алау Қайратқызының желіде тараған биі жұрт назарын өзіне аударып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Kznews.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Желі қолданушылары видеоны әрқалай қабылдап, пікір екіге жарылды. Бірі мұны «жасөспірімнің әдеттегі биі ғана» деп бағаласа, енді бірі «әлі ерте әрі ерсі» екенін айтып, ата-ана жауапкершілігін алға тартқан.

Көпшіліктің талқысында ұлттық тәрбие, қыз бала әдебі, танымал отбасының қоғам алдындағы жауапкершілігі секілді мәселелер де қатар көтерілді.

"Қызға қырық үйден тыйым" деп бекер айтпаған", "Қайрат Нұртас қайда?", "Қазақ қызына тән емес", "Ата-ана жауапты", "Бұл жай жарнама ғой, не болды соншама", "Үлкен қызы салмақты, мына қыздары шошақай", деп жазған көрермен.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →