1 шілдеден бастап аулаларға көлік қоюға тыйым салынатыны рас па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қыздар.нет“ сайтының ұйымдастырушыларынан коттедждер мен люкс көліктер табылды

“Қыздар.нет“ сайтының ұйымдастырушыларынан коттедждер мен люкс көліктер табылды
Фото: Видеодан скрин

"Қыздар.нет" атышулы сайтының ұйымдастырушылары ұсталғаннан кейін Алматы Полиция департаменті күдіктілерден қандай мүлік табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Күдіктілердің атына шағын және орта бизнес саласындағы 8 компания, Алматы мен Алматы облысының аумағында құны қымбат мүліктер тіркелгені анықталды.

Олардың ішінде:

5 пәтер,

6 коммерциялық нысан,

6 коттедж,

10 жер телімі,

6 көлік тұрағы,

11 люкс класындағы автомобиль бар.

"Қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету және оның заңдастырылу белгілерін анықтау мақсатында күдіктілер мен оларға қатысы бар компаниялардың мүлкіне қатысты мәмілелер тоқтатылды. Аталған мүлікке шектеу қойылды", – деп хабарлады Алматы ПД.

"Қыздар.нет" ұйымдастырушылары қалай ұсталды: оқиғалар хронологиясы

15 маусымда Алматы прокуратурасы және ІІМ "Қыздар.нет" сайтының ұйымдастырушылары ұсталғанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл ресурс ұзақ жылдар бойы интим қызметтер туралы хабарландыруларды орналастырып, ілгерілету үшін пайдаланылған.

Осы хабарламалардан кейін сайт ашылмай қалды, алайда пайдаланушылар оның "айналарына" әлі де қолжетімділік бар екенін айтады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.