Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызбен жүрудің күнә екені рас па? - новости Казахстана

Қызбен жүрудің күнә екені рас па? - новости Казахстана

Екі жылдан бері сүйіктісімен сөз байласып жүрген 25 жастағы жігіт қызбен жүрудің қаншалықты күнәға жататынын сұрап отыр. Себебі шаңырақ көтеруге асыққан жігіт үшін не қаражаттың не жұмыстың ыңғайы келмей тұр екен. Ер адамның сауалына muslim.kz сайты жауап берген.

Көрнекі фото: .liveinternet.ru

Жігітке қайтарылған жауапта қыз бен жігіттің үйленуге дейін араласуына тыйым салынғаны айтылған.

"Қыз бен жігіттің араласуы мен жүруіне шариғат тыйым салады. Өйткені, бөгде әйел мен ер кісі оңашаланатын болса, міндетті түрде араларына шайтан кіреді. Ондай кезде адам баласы нәпсісіне (шаһуатына) ие бола алмай қалуы бек мүмкін. Жігіт пен қыздың бұлай жүруі мен араласуының соңы зинаға алып барады. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде қыз бен ұл баланың оңаша қалуына тыйым салған.
Егер сол қызға үйленетін ойыңыз болса, кездескенде қыздың жанында махрамы (туыс сіңлілері немесе құрбылары) болуы тиіс. Әрі тек мағруф (жақсы) сөздер айтылып, оңаша қалуға болмайды. Әйтпесе, шайтанның торына түсіп қалуыңыз мүмкін", - деп жазылған онда.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

Автор
Санжар