Әлем

Қытайдың экс-министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді

Қытайдың экс-министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді
Фото: Синьхуа

Тергеу материалдарына сәйкес, шенеунік 2007 жылдан 2024 жылға дейін түрлі мемлекеттік қызметтер атқарып жүріп, қызметтік өкілеттігін жеке пайдасына пайдаланған.
Ол компанияларға және жеке тұлғаларға бизнес ашуға, мемлекеттік тапсырыс алуға, мансапта көтерілуге жәрдемдескен. Бұл қызметтері үшін жалпы 268 миллион юань(шамамен 20 млрд теңге) көлемінде заңсыз пайда көрген.

Сот бұл соманы «аса ірі мөлшердегі пара» деп танып, өлім жазасын тағайындады. Дегенмен, сот алқасы қылмыстың бір бөлігінің толық жүзеге аспағанын, экс-министрдің кінәсін мойындағанын, тергеуге көмектескенін және қаржының едәуір бөлігін өз еркімен қайтарғанын жеңілдететін жағдай ретінде бағалады. Сондықтан өлім жазасының орындалуы екі жылға шегерілді.

Сонымен қатар, Тан Жэньцзянь өмір бойы саяси құқықтарынан айырылып, барлық жеке мүлкі тәркіленді. Заңсыз жолмен алынған табыстар мен олардан түскен кіріс мемлекет қазынасына қайтарылды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz