KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қытай соты 15 адамды өлтірген күдіктіні дарға асу туралы үкім шығарды

KZNEWS
Хэнъян қаласының орта сатыдағы халық соты көптеген адамды таптап өтіп 15 адамды өлтірген Хунань қытай провинциясының азаматына қатысты ашық сотта дарға асу туралы шешім шығарды деп хабарлайды РИА Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға осы жылдың 12 қыркүйегінде орын алған. Жол талғамайтын көлік Хэнъян қаласындағы алаңда бір топ адамды таптап өткен. Соның салдарынан 15 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алыпты. Жүргізуші Ян Цзаньюнь тез арада қамауға алынған.

Кейінірек ер азаматтың бірнеше рет сотталғаны белгілі болған.

Ол мұндай қылмысқа өзінің қиын тағдырына налып, қоғамнан кек алу үшін барған.

Хэнъян қаласының орта сатыдағы халық соты Ян Цзаньюньге қатысты сот отырысын ашық түрде өткізген. Сот Ян күдіктіге қоғамға аса ауыр зиянын келтіргені үшін өлім жазасына кесу туралы үкім шығарған.

Қылмыскер өзінің кінәсін толық мойындаған.

Оның шешімді апеляцияға жіберу-жібермеуі белгісіз.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары