«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай Ресей Федерациясының Беларуссияда ядролық қаруды орналастыру туралы шешімін қолдамады

Қытай Ресей Федерациясының Беларуссияда ядролық қаруды орналастыру туралы шешімін қолдамады

Қытай ядролық соғысты бастамауға және Украина дағдарысын дипломатиялық жолмен шешуге назар аударуға шақырады. ҚХР СІМ ресми өкілі Мао Нин осылай деді.

"Өткен 5 қаңтарда ядролық қаруы бар мемлекеттердің көшбасшылары ядролық соғыста жеңіске жету немесе соғысу мүмкін емес деген бірлескен мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ядролық қаруы бар мемлекеттер арасындағы соғыстардан аулақ болу және стратегиялық тәуекелдерді азайту керектігін атап өтті", — деді дипломат.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен Беларусь республиканың аумағында тактикалық ядролық қаруды орналастыруға келісті, оған арналған қойманың құрылысы 1 маусымға дейін аяқталады деп мәлімдеді.

фото: cdn1.img.ria.ru |

Автор
Еркебұлан