Шоу-бизнес

Қытай ғарыш аппараты Айдың қараңғы жағына қонады

Қытай ғарыш аппараты Айдың қараңғы жағына қонады

Қытайдың өздігінен басқарылатын ғарыш аппараты Айдың күн сәулесі түспейтін қараңғы жағына қонуға дайындалып жатыр.

Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының 2 қаңтар күні хабарлауынша, "Чанъэ-4" аппараты 3 қаңтарда бағытын өзгертіп, Айдың қараңғы жағына қонады. Айдың қараңғы жағына бұған дейін бір де бір елдің ғарыш аппараты қонбаған.

China Daily агенттігінің хабарлауынша, "Чанъэ-4" аппараты 29-30 желтоқсан күндері Ай орбитасына өтіп, Ай бетінен 15 километр қашықта ұшқан.

Айды зерттейтін аппарат 8 желтоқсанда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан космодромынан Long March 3B зымыранымен ұшырылған. Аппаратқа тіркелген робот Айдың бетін зерттейді және онда тәжірибелер жүргізеді.

Қытай 2013 жылы желтоқсанда Айға алғашқы "Чанъе-3" аппаратын қондырған еді. Алайда, техникалық қиындықтарға байланысты аппарат бір айдан соң істен шыққан.

АҚШ, Үндістан, Жапония және Ресей де таяу жылдары Айды зерттейтін ғарыш аппараттарын ұшыруды жоспарлап отыр. АҚШ 1969-1972 жылдары Айға 12 аппарат қондырған. Зерттеу аппараттары Айдың қараңғы жағын суретке түсіргенімен, олардың бір де бірі ол жаққа қонбаған.

Дереккөз: Азаттық

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz