Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайға тиіскендер сотталады - Берік Уәли

Қытайға тиіскендер сотталады - Берік Уәли
Ашық дереккөзден

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстанда қытайлық инвесторлардың көбеюіне қатысты пікір білдірді,, деп хабарлайды kznews.kz.

- Онда жерді тастап, көшіп кетейік, Айға немесе Марсқа. Қытайға “неге қазақша сөйлемейсің?” деп тиісіп отыр. Олай айту заңсыз. Ертең сотталады. Қытай дегеннен қашпау керек. Халықты адастырып, қытайға қарсы қоюға болмайды. Қайта сол қытайларға көмектесіңіздер. Ұрып, соғып, кеше TikTok-та жүр. Ол екеуі (соққыға жыққандар) қамалды, – деп жазды Ulysmedia.kz Берік Уәлидің сөзін. 

Ол бүкіл әлем Қытайдың инвестициясына зәру, соған таласып жатқанын атап өтті. 

- Ақшаны көрші тұрған Қытайдан тасымағанда Италиядан тасимыз ба? Олар келіп ойнап жүрген жоқ, біздің жолымызды салайын деп жатыр. Егер олардың талабына сай жұмыс істей алатын болса, неге жергілікті мамандарды тартпасқа? Тартамыз. Мамандары ғана қытайлық болады. Ал қарапайым, дипломы жоқ, қара жұмыс жасайтын жергілікті халықты тартамыз, басқа не істейміз? Дипломы болса оны тартайық. Қытайда ақша бар. Қаншама жыл өзіміздің теміржолды саламыз дедік, ешкім салмай қойды ғой. Айналып келіп, қытайларға салдырайын деп жатырмыз. Қайта президент пен Си Цзиньпинге рақмет, осы екі елдің арасындағы барыс-келісті визасыз режим жасады, – дейді облыс әкімі. 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.