"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған 7 жастағы Бейбіттің арманы елді тәнті етті (ВИДЕО)

Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған 7 жастағы Бейбіттің арманы елді тәнті етті (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Қытайдан Қарасаз ауылына қоныс аударған Бейбіт есімді оқушы әлеуметтік желіде ерекше назарға ие болды. Мектепке келген жаңа оқушымен танысу сәтінің видеосын ауыл партиясының Instagram парақшасы жариялаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейбіттің бір арманы бар – болашақта полиция қызметкері болу. Желі қолданушылары баланың анық сөйлегеніне, Отанға деген сүйіспеншілігіне риза болып, ақ жол тілеп жатыр.

Пікірлерде: "Қош келдің, қазақтың баласы!", "Айналайын, тарихи Отаныңа оралғаның құтты болсын", "Үлкен азамат бол!" – деген сынды жүрекжарды тілектер көптеп жазылған.

Бейбітке жұртшылық тек табыс пен ашық жол тілеуде.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер