KZNEWS.KZ
Әлем

Қытайда сахнада өнер көрсетіп жатқан биші өртеніп кетті

Азамат Қойшығара
Видеодан алынған кадр

Қытайда «От биі» атты қойылым кезінде қауіпті оқиға болды, сахнада өнер көрсетіп жатқан бишінің киімі мен шашы отқа оранды, деп хабарлайды kznews.kz.

Нөмір барысында отты сақинадан шыққан жалын бишінің көйлегі мен шашына тиіп, лап етіп жанған. Оқиға көрермендердің көз алдында болған.

Алайда биші абдырап қалмай, дереу жақын маңдағы өзенге қарай жүгіріп барып, суға секірген. Осылайша ол жалынды өз күшімен өшіре алды.

Қытайдағы БАҚ мәліметінше, ауыр күйікке жол берілмеген. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның денсаулығына айтарлықтай қауіп жоқ екенін анықтаған. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →