"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады (ФОТО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай шахтасында газ жарылып, 82 адам қайтыс болды

Қытай шахтасында газ жарылып, 82 адам қайтыс болды
Фото: Синьхуа

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясы аумағындағы «Люшэньюй» көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан кемінде 82 адам қаза тапты, тағы тоғыз жұмысшы із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды kznews.kz «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Апат жұма күні кешке Цинюань уезі аумағында орналасқан шахтада болған. Ол кезде жер астында 247 адам жұмыс істеп жүрген.

Құтқару жұмыстарына жүздеген маман мен медицина қызметкерлері жұмылдырылған. Ресми мәлімет бойынша, 123 адам ауруханаға жеткізілген, олардың бірнешеуі ауыр жағдайда жатыр.

Си Цзиньпин зардап шеккендерді құтқару және емдеу үшін «барлық күш-жігерді жұмсауды» тапсырды. Сонымен қатар, апаттың себептерін мұқият тексеріп, кінәлілерді заң аясында қатаң жауапқа тартуды бұйырған. Шахтаға жауапты компания басшыларының ұсталғаны да хабарланды.

Reuters мәліметінше, Қытайда 2000-жылдардың басынан бері көмір шахталарындағы қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, өлім-жітім айтарлықтай азайған. Соған қарамастан, бұл апат соңғы он жылдан астам уақыттағы ең ірі кеніш трагедияларының бірі болып отыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі