Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай ғалымдары адам өмірін 120 жылға дейін ұзартатын дәрі жасап жатыр

Қытай ғалымдары адам өмірін 120 жылға дейін ұзартатын дәрі жасап жатыр
ChinaВЭД

Шэньчжэньдегі Lonvi Biosciences қытайлық стартапы өмірді 120 жылға дейін ұзартатын дәрі жасап жатыр, деп хабарлайды The New York Times.

Америкалық басылым атап өткендей, Lonvi Biosciences жүзім дәнінің сығындысында кездесетін қосылыстарға негізделген қартаюға қарсы дәрілер жасап шығарумен айналысады.

Компанияның мәлімдеуінше, олар сау клеткаларға зиянын тигізетін қартайған клеткаларды жоятын ерекше молекула шығарған.

Жарияланымда жүзім дәндерінің батыс мәдениетінде де, дәстүрлі қытай медицинасында да ежелден пайдалы тағам болып саналғаны айтылған.

Басылымның мәліметінше, Lonvi Biosciences белсенді молекулалардың жоғары концентрациясы бар капсулаларды өндіру технологиясын жасап шығарған.

Компания өзінің таблеткалары салауатты өмір салтымен және сапалы медициналық көмекпен үйлескенде адамдардың 100-ден 120 жасқа дейін өмір сүруіне көмектеседі деп санайды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.