"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай АҚШ-тан Венесуэла президентін босатуды талап етті

Қытай АҚШ-тан Венесуэла президентін босатуды талап етті
Фото: www.globallookpress.com/Kyle Mazza-CNP

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты әрекеттерін сынға алып, бұл қадамдар халықаралық қатынастардың тұрақтылығына нұқсан келтіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Вашингтон Венесуэла президенті Николас Мадуроның мемлекет басшысы ретіндегі мәртебесін елемей, оған қарсы өз сотында іс қозғау арқылы елдің егемендігін өрескел бұзған.

Мао Нин ешбір мемлекеттің өз ережелерін халықаралық құқықтан жоғары қоя алмайтынын атап өтіп, Қытай АҚШ-ты Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті дереу босатуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыратынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Нью-Йорк сотында Венесуэла президентіне қатысты іс бойынша алғашқы отырыс өткен. Мадуроға ауыр айыптар тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Алайда ол өзін әлі де Венесуэланың президенті санайтынын айтып, барлық айыптарды жоққа шығарды. Келесі сот отырысы 17 наурызға белгіленген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.