KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қырым жағалауында екі танкер өртенді

KZNEWS

Ресей билігі Керчь бұғазында екі кемеде шыққан өрт салдарынан кемінде 14 адам ажал құшқаны туралы хабарлады. Оқиға орнынан 12 адам құтқарылған, бес адам хабар-ошарсыз кеткен. Ресейдің теңіз және өзен транспорты агенттігінің баспасөз хатшысы Алексей Кравченконың мәлімдеуінше, кемелердің бірінен екіншісіне отын тиеп жатқан кезде өрт шыққан. Екі кемеде экипаж мүшелері - 31 адам болған. Олар Түркия мен Үндістан азаматтары деп хабарланды. (Reuters видеосы.)

Дереккөз: Азаттық
KZNEWS
Автордың басқа материалдары