Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қыруар қаржыға сауда жасап қамауға алынған банкирдің әйелі кепілмен босатылды

Қыруар қаржыға сауда жасап қамауға алынған банкирдің әйелі кепілмен босатылды

Лондон соты Әзербайжан халықаралық банктің бұрынғы басшысының әйелі Замира Хаджиеваны кепілмен босатты. Ол Harrods сауда орталығынан 16 миллион фунтқа әшекей заттар мен 20 миллионға зәулім үй сатып алғаннан кейін, ол қаражаттың қайдан келгенін тексеру барысында ұсталған.

Отанында Хаджиеваның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта Британ полициясы Хаджиева жаратқан ақшаның қайдан келгенін тексеріп жатыр. Оған заңсыз ақша иеленді деген айып тағылған. Банкирдің әйелі 500 мың фунт кепіл төлеген. Одан Лондоннан шықпау жөнінде қолхат алған.

Замира Хаджиеваның жасы 55-те. 2016 жылы Баку соты күйеуін алаяқтық жасап, мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айыппен 15 жылға соттаған. Тергеу ісі бойынша, Жахангир Хаджиев халықаралық банк басшысы болып тұрғанда, банктен ондаған миллион доллар жоғалып кеткен. Оның өзі кінәсін мойындамайды.

Дереккөз:Сentralasian.org 

Автор
Мадияр