Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа баспанасына қоныстанып, қоныс тойын атап өтті. Ол қуанышты сәттен видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Кадрлардан жаңа үйдің ішкі көрінісі мен қоныс тойға жасалған дайындықты көруге болады. Продюсерді өнердегі әріптестері мен оқырмандары құттықтап, жаңа шаңыраққа береке тіледі.
Алайда жазба астында оны сынаған пікірлер де кездесті. Кейбір желі қолданушылары жақында қайтыс болған ағасының қырқын өткізбей жатып қоныс тойын жариялағанын орынсыз деп санады.
«Ағасының қырқы өтпей жатып қоныс тойын жасап жатыр» деген мазмұндағы пікірлер жазылып, оқырмандар продюсердің бұл шешіміне қатысты көзқарасын білдірді.
Дегенмен Гүлзира Айдарбекованы қолдағандар да аз емес. Олар әр адамның қайғы мен қуанышты өзінше қабылдайтынын айтып, жаңа қоныстың құтты болуын тіледі.
Продюсер әзірге айтылған сынға жауап берген жоқ.