Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғызстанда жігітімен сүйіскен бойжеткен оның тілін суырып алған

Қырғызстанда жігітімен сүйіскен бойжеткен оның тілін суырып алған

Оқиға 8 қараша күні Қырғызстанның Манас қаласында болған 

Қырғызстанның Манас қаласында қызымен сүйіскен жігіт операция залынан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды kznews.kz.

 «Жігіттің тілі мен ерні жараланған: қыз жігіттің тілінің ұшы мен төменгі ернінің бір бөлігін суырып алған. Науқасқа ота жасалып, жарасы тігілді. Қазір ол жақ-бет хирургиясы бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тілі қалпына келуі мүмкін. Мұндай жарақаттар әдетте эпилепсия кезінде болады, бірақ сүйіс кезінде осындай жағдай бірінші рет кездесіп отыр», - дейді дәрігер.

Манас аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бастаған.

«Тергеу барысында анықталғандай, 1999 жылы туған С. уулу Н. есімді жігіт 2006 жылы туған А. Ж. есімді қызбен кездесіп жүрген. Оқиға болған күні олар досының тойында болып, алкоголь ішімдік ішкен. Сүйіс кезінде А. Ж. жігіттің төменгі ерні мен тілін тістеп, жарақаттаған. Екеуінің де психикалық ауытқулары жоқ, есі дұрыс екені анықталды», - деп мәлімдеді милиция өкілдері.

Қазір Манас аудандық ІІБ тергеу қызметі сот-медициналық сараптама тағайындап, тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары