Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғызстанда резонанс тудырған оқиғаға қатысты жаңа деректер жарияланды

Қырғызстанда резонанс тудырған оқиғаға қатысты жаңа деректер жарияланды
ашық дереккөзден

Қырғызстанда "қызбен сүйіскен сәтте жігіт тілінен айырылды" деген атаумен қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиғаға қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист Бекболат Қаржан Facebook парақшасында бұл жағдайдың шынайы мән-жайын тарқатып жазды. Оның айтуынша, оқиға бастапқыда айтылғандай екі жастың өзара романтикалық қарым-қатынасы кезінде емес, ортақ таныстарының тойында болған.

Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, 18 жастағы қыз жігіттің сүйіктісі болмаған. Той кезінде масаң күйде болған жігіт қызға бірнеше рет тиісіп, оны құшақтап, еркінен тыс сүймек болған. Қайта-қайта жалғасқан бұл әрекеттерден кейін қыз өзін қорғау мақсатында жігіттің тілін және ернінің бір бөлігін тістеп жұлып алғаны айтылды.

Пост авторы бұл жағдайды өзін-өзі қорғау деп бағалап, мұндай сәтте қыздың әрекетін түсінуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар, жігіттің туыстары қазіргі уақытта қыздың ата-анасынан кешірім сұрап жүргені де хабарланды.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаның нақты мән-жайы ашылғанына таңданыс білдіріп, бұл жағдай жігіт үшін үлкен сабақ болуы тиіс деген пікірлер қалдыруда.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер