Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғызстанда ел астанасын Бішкектен басқа қалаға көшіру ұсынылды

Қырғызстанда ел астанасын Бішкектен басқа қалаға көшіру ұсынылды

Қырғызстанда саясаткерлер ел астанасын Бішкектен Манас қаласына көшіруді ұсынған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі АКИpress басылымына сілтеме хабарлайды.

Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Қамшыбек Ташиев мәлімдеді.

“Егер біз соған лайық болсақ, неге болмасын, бұйырса, болады. Ол үшін қаланы да, халықты да дайындау қажет, психологиялық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Астана болу оңай емес. Қалаға көп қаржы бөлу, оны жаңарту қажет. Өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қаланы заманауи ету керек”, – деді Ташиев.

Оның айтуынша, Манас республикалық маңызы бар үшінші қалаға айналады. Сондай-ақ Ташиев қаланың атауын өзгерту стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болғанын атап өтті.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Жалал-Абад қаласының атауы ресми түрде Манас қаласы болып өзгертілді. Президент Садыр Жапаров тиісті заңға қол қойды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.