Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғызстан президенті екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті

Қырғызстан президенті екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті
фото: ашық дереккөз

Садыр Жапаров 2027 жылғы президент сайлауына түсу ниетін ресми түрде растады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі. 

Қырғызстан басшысы бұл туралы журналист Әли Токтакуновқа берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді. 

— Мен тағы бір мерзімге сайлауға түсемін, — деді Қырғызстан басшысы саяси болашағы туралы сұраққа жауап бере отырып.

Садыр Жапаров барлық мүдделі кандидаттар үшін жол ашық екенін және ешқандай шектеу болмайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ сайлау процесі кезінде мемлекеттік қызметкерлерге әкімшілік қысымның толығымен жойылатынына кепілдік берді.

— Кім сайлауға барғысы келсе — барсын. Біз ешкімді шектемейміз. Сайлау ашық және заңға сәйкес өтеді, — деді ол.

Осыған дейін Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылы өтетінін хабарладық. 

2026 жылдың шілде айында Қырғызстанда президент және парламент сайлауын өткізу ережесі өзгерді. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.