"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғыз-қазақ шекарасында бір адам оққа ұшты

Қырғыз-қазақ шекарасында бір адам оққа ұшты

23 қаңтарда Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында оқ атылып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Азаттыққа ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз хатшысы Қанатбек Сұлтанов хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, бүгін түске таман Қырғызстан шекарашыларынан Талас облысымен шектес "Жас Өркен" заставасына жақын аумақта белгісіз үш адам бірнеше жылқыны Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз айдап әкетпек болғаны туралы хабар түскен. Шекара бұзушыларды ұстамақ болып оқиға орнына қырғыз шекарашылары барған. Белгісіз адамдар шекарашылар өздерін ұстамақ болғанда пышақ шығарып, қарсылық көрсеткен.

Бұдан соң қырғыз шекарашылары ескерту ретінде әуеге оқ атқан. Бірақ үш адам шекара жасағының ескертуін елемей, қарсылық көрсете берген соң шекарашылар оларға оқ атып, біреуін жаралаған. Екі адам Қазақстан аумағына қарай өтіп кеткен.

"Бұл оқиғадан жарты сағат өткенде Қырғызстан жағы жараланған адамның Қазақстан азаматы екенін және оның қайтыс болғанын хабарлады. Бірақ оның өзімен бірге құжаты болмаған, қазір азаматтығы анықталып жатыр" деді Сұлтанов.

Баспасөз хатшысы қазір Қазақстан шекарашылары шекарадан өтіп кетті деген күдіктілерді іздеп жатқанын айтады.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Мадияр